USD
USD
USD

«АрселорМиттал Теміртаудың» орнына келетін меншік иелеріне қандай шарт қойылады

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының орнына келетін жаңа меншік иелеріне қойылатын негізгі талаптар туралы айтты, деп

«АрселорМиттал Теміртаудың» орнына келетін меншік иелеріне қандай шарт қойылады
Фото: NEGE.kz

хабарлады Kazinform.

«Қазір Үкімет пен мемлекет қойып отырған алғашқы шарттар – әрине, көмір және болат департаменттерінің өндірісіне инвестиция салу. Бұл – орындалуы керек бірінші шарт. Сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту керек. Оның ішінде, ең алдымен, әрине, қауіпсіздік күшейтілуі қажет. Жаңа меншік иесінің алдына осындай шарттар қойылады», –деді Қарағанды облысының әкімі.

Әзірге көмір департаменті басшысының міндетін атқарушы болып Вадим Басин тағайындалды. Ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы аймақ басшысының өзі айтты.

«Иә, Вадим Басин облыс әкімдігіндегі қызметінен кетті», – деп растады Ермағанбет Бөлекпаев.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.