USD
USD
USD

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы апатты тексеру қорытындысы 23 қарашада жарияланады

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 23 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Ленин шахтасындағы апатты тексерудің қорытындылары жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы апатты тексеру қорытындысы 23 қарашада жарияланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «23 қарашада қорытынды береміз. Біз БАҚ өкілдерін жинап тергеп-тексерудің қорытындысын жариялаймыз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр», - деді Юрий Ильин Үкімет кулуарында.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері