USD
USD
USD

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында өрт шығып,11 кенші қаза тапты

28 қазанда Қарағанды облысында Костенко атындағы көмір шахтасындағы өрттен 11 адам қаза болды, деп хабарлады облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев.

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында өрт шығып,11 кенші қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенбі, таңертеңгі сағат 9-дағы жағдай бойынша 18 адам ауруханаға жатқызылған.

Қарағанды облысы билігінің хабарлауынша, апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер астынан 205 шахтер шығарылған. Жер астында қалған кеншілер бары хабарланды.

Әкім Facebook парақшасында қазір оқиға орнында 40 құтқарушы және 10 техника жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Бөлекбаевтың айтуынша, оның жетекшілігімен жедел штаб құрылған. Апат себебі әзірге айтылмады. Оқиға орнына төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов барған.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы өрт көмір оятын жерде метан жарылғаннан кейін басталған болуы мүмкін екенін хабарлады.

Костенко атындағы шахта, Қарағанды көмір бассейніндегі өзге шахталар тәрізді, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі. Компания сонымен бірге Теміртаудағы металлургия комбинаты мен қаладағы инфрақұрылым нысандарына иелік етеді. "АрселорМиттал Теміртау" арғы тегі үнді британдық миллиардер Лакшми Митталға қарайды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар