USD
USD
USD

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының күйік шалған жұмысшысы ауруханада көз жұмды

 «АрселорМиттал Теміртау» зауытында бояу құйылған бөшке жарылысынан зардап шеккен 50 жастағы жұмысшы ауруханада көз жұмды. 

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының күйік шалған жұмысшысы ауруханада көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Зардап шеккен жұмысшы ауруханаға денесінің 90% термиялық күйік алған күйінде түсті. Медициналық қызмет көрсетудің барлық кешеніне қарамастан науқастың жағдайы нашарлап, 15 наурызда қайтыс болды», - деді Х. Мақажанов атындағы көп салалы аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Манас Әміров.

Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы екінші зардап шегушінің жағдайы орташа ауырл екенін хабарлады. Ол қажетті ем алып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда ЖЭО-2 механикалық цехының шеберханасында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде ЖЖМ буы тұтанып, нәтижесінде газ аппаратурасының слесары мен жөндеушісі күйік алды. Қазіргі уақытта бұл істі арнайы комиссия тергеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер