USD
USD
USD

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына Бас прокуратура тексеру жүргізіп жатыр

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының келісімшарт міндеттемелері қайта қаралып жатқанын мәлім етті.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына Бас прокуратура тексеру жүргізіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «АрселорМиттал Темиртау» бойынша келісімшарттық міндеттемелер қайта қаралды. Бұл ретте, қазіргі уақытта Бас прокуратураның басшылығымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізілуде. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады», - деді министр.

Сондай-ақ, ол заңсыз берілген кен орындарын қайтару жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

«Бүгінгі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларымен жасалған 87 келісімшарттың 40-ы күшін жойып, 47 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерді орындауы бойынша талдау жүргізіліп жатыр.

Өндіруге дайын, бірақ барлауға заңсыз берілген 143 кен орнының 10 лицензиясы/келісімшарты қайтарып алынды. 25 жер қойнауын пайдаланушыларға міндеттемелердің бұзылғаны туралы хабарламалар жіберілді», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.