USD
USD
USD

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасына 3 млрд теңге бөлді

«Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы БӨЛЕКПАЕВ журналистердің сауалдарына жауап берді. 

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасына 3 млрд теңге бөлді
Фото: NEGE.kz

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Костенко атындағы шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Шахтадан 46 кеншінің мәйіті табылды. Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатыр?

ОКҚ

Облыс әкімі брифинг барысында оқыған баяндамасында бұл туралы орыс тілінде айтып өткен болатын. Дегенмен NEGE тілшісі бұл сұраққа қазақ тілінде жауап беруін сұрады. 

«АрселорМиттал Теміртау» 10 жылдық жалақыны төледі. Бұл 3 млрд теңгеден асып отыр. Компания сол қаражатты бөлді. Қазіргі таңда 44 отбасы ақшалай көмек алды, қалған 2 отбасы құжаттарын жасап жатыр. Несие бойынша айтатын болсақ, қайтыс болған кеншілердің, олардың жұбайларының, ата-аналарының, балаларының 300 млн теңге сомасында несиелері жабылды. Бұл жұмыс ары қарай да атқарылатын болады. Жерлеу мәселесі, мазарын көтеру жұмыстарына кететін шығынды «Арселлор Митал» төлеп жатыр», - деп жауап берді Ермағанбет Бөлекпаев. 

Облыс әкімінің айтуынша, 18 жасқа дейінгі балалар үшін (23 жасқа дейін оқу мерзіміне) сақтандыру төлемдері беріледі. 

Сонымен қатар, шахтадағы оқиғада зардап шеккен 4 адам емдеу мекемелерінде, олардың жағдайы орташа және жеңіл. Қазіргі таңда қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар