USD
USD
USD

«АрселорМиттал Теміртау» басшылығы қатаң жазалануы тиіс – экс-премьер Серік Ахметов

Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Серік Ахметов 45 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасында болған қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірді. 

«АрселорМиттал Теміртау» басшылығы қатаң жазалануы тиіс – экс-премьер Серік Ахметов
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Меніңше, «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы қатаң жауапқа тартылуы тиіс. 10 жылда қаншама осындай қайғылы жағдайлар болып, 140-тан астам кеншілеріміз бен мықты мамандарымыз құрбан болды, олардың отбасылары, қаншама адам зардап шекті. Бұл үлкен жауапкершілік. Ендеше, «АрселорМиттал Теміртау» жауапқа тартылуы керек және тек Қазақстанда ғана емес. Оны халықаралық деңгейде жазалау керек. Неге? Өйткені бұл немқұрайдылық, салақтық қылмысқа пара пар және ол өнеркәсіптік, техникалық қауіпсіздікке мол қаржы бөлініп жатқанына қарамастан ұзақ жылдар бойы жалғасын тауып келді», - деді Серік Ахметов.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар