USD
USD
USD

Әріптесінің телефонын ұрлап алып, интернет-дүкендерден сауда жасаған ақмолалық ұсталды

Ақмола облысында полиция қызметкерлері тұрғынның ұялы телефонын ұрлап алып, телефондағы қосымшалар арқылы халықаралық интернет-дүкендерден онлайн сауда жасаған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қылмыс Ақмола облысының Аршалы ауданында тіркелді. Ауданның 55 жастағы тұрғынының айтуынша, белгісіз ер адам ұрлап әкеткен телефонында орнатылған интернет-дүкен қосымшасында жәбірленушінің атынан бірнеше рет тауар сатып алған. Залалдың жалпы сомасы 156 мың теңге.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің 30 жастағы әріптесі болып шықты. Қаскүнемнің айғақтарына сәйкес, ол телефонды жұмыстағы киім шкафынан ұрлаған.

Жәбірленушінің банктік қосымшалары интернет-дүкенге байланған болып шықты. Бұл ұрыға әртүрлі тауарларды сатып алу үшін қиындық тудармады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс