USD
USD
USD

Арон Атабек реанимацияға түсті

Жақында түрмеден шыққан диссидент ақын Арон Атабек реанимацияға түсті. «Бұл жөнінде Арон Атабектің қарындасы Рәзия Нұтышева хабарлады» деп жазды

Арон Атабек реанимацияға түсті
Фото: NEGE.kz

Азаттық радиосы.

Алматы, NEGE. Оның сөзіне қарағанда, өткен аптаның соңында Арон Атабектің жағдайы нашарлаған. Бұдан соң жедел жәрдем шақыртылып, жеке клиникаға жатқызылған.

– Қазір жағдайы онша емес. Тамақ іше алмайды. Ауруы асқынып жатыр. Әлгінде ауруханадан шыққаннан кейін он күндей үйде емдедік қой. Ол кісі ауруханаға жатудан бас тартқан. Үйде емделгеннен кейін жағдайы тіпті нашарлап кетті. Ол әдетте ештеңеге шағымданбайтын. Өткен жұмада тынысы тарылып жатқанын айтты. Қорқып кеттім. Түрі де онша емес болып тұрды. «Жеке клиникамен келісім жасастым, ауруханаға жатасың ба?» деп едім. Ауруы жанына батса керек, «иә» деді. Сүйтіп, жедел жәрдем көлігін шақырдым. Ауруханаға жатқызды, – депті Рәзия Нұтышева.

Оның сөзіне қарағанда, Арон Атабек қазір жасанды тыныс аппаратымен дем алып жатыр. Ауруханаға келгеннен кейін «жағдайы сәл де болса оңалған». Сонда «есін жиып, өз-өзіне келгеннен кейін қайта үйге барғысы келіп отыр» дейді. Әдетте реанимация бөліміне дәрігерлер ешкімді кіргізбейді. Сол себепті қарындасы бауырының жағдайын дәрігерлер арқылы біліп отырғанын айтты.

Диссиденттің қарындасы Арон Атабектің нақты қай ауруханада жатқанын айтпаған.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.