USD
USD
USD

Арон Атабек комаға түсті...

Диссидент ақын Арон Атабектің өкпесі қабынып, ауыр жағдайда ауруханаға түскенін бұған дейін жазғанбыз.

Арон Атабек комаға түсті...
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Редакцияға хабарласқан тұрақты оқырмандарымыздың бірі Арон Атабектің бүгін комаға түскенін хабарлады.

«Коронавирустың салдарынан болған өкпе қабынуы ақынға ауыр тиді. Бұрынғы отбасындағы мәселелер де оған жығылған үстіне жұдырық болғанға ұқсайды. Аронның жағдайы бұрынғыдан да нашарлап, бүгін комаға түсті...», – деді оқырманымыз.

Естеріңізге салайық, 2006 жылы атышулы «Шаңырақ оқиғасынан» кейін ақын Арон Атабек «жаппай бүлік ұйымдастырды, адам өліміне себепкер болды» деген айыппен 18 жылға сотталған болатын. Жуырда ол денсаулығына байланысты түрмеден босап шықты. 

Қазір оқып жатыр

Непалдағы су тасқынында хабар-ошарсыз кеткендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Непал

Кәсіпкер көп, спортшы аз: жаңа Құрылтайға кімдер келді?

.

Депозиттегі ақшаның сыйақысына 5% салық салынатыны рас па: министрлік жауап берді

Ақша

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің есімі жарияланды

"Болашақ" стипендиясы иегері