USD
USD
USD

Арон Атабек бостандыққа шықты

Шаңырақ оқиғасына байланысты 15 жыл түрмеде отырған белсенді Арон Атабек бостандыққа шығады. 

Арон Атабек бостандыққа шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 қазанда Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің жазасын денсаулығына байланысты жеңілдету жөнінде түрме әкімшілігінің өтінішін қарап орындаған.

Сот ақпаратына қарағанда, дәрігерлер Арон Атабектің дауасы жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдалуы) ұшырағанын анықтаған.

"Заңда баяндалған мән-жайлар мен процеске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар", – делінген сот хабарламасында.

2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген, құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп таныған диссиденттің шамамен бір апта бұрын ауруханаға түскені белгілі болған. Жазда Қазақстанда Ұлттық алдын алу тетігі (ҰААТ) қатысушылары түрмеде Арон Атабекпен жолығып, халінің нашар екенін айтқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы