USD
USD
USD

Арнайы операция кезінде қылмыстық топ мүшелері ұсталды

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Қызылорда қаласындағы криминогендік жағдайға ықпал еткен қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы операция кезінде қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыстық топқа қатысушылардың қылмысын әшкерелеу бойынша өткізілген арнайы операция барысында полиция органдарына 10 күдікті жеткізілді. Олар күзет қызметінде өздері ықпалын жүргізетін аумақтарды бөліске салу үшін бірнеше рет қылмыстық қақтығыстарға қатысқан.

Ойын-сауық орындарында әдейі жанжал туғызып, сол орындардың иелерін өздерінің қамқорлығын қабылдауға мәжбүр еткен. Қылмыстық топтың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға, соның ішінде кісі өлтіруге оқталу, ауыр дене жарақаттары мен бұзақылық жасауға қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар олар әлеуметтік желілерде қоғамдық орындарда атыс қаруын қолданатын бейнероликтерді бірнеше рет жариялап, өздерінің шамадан тыс еркінсіп кеткендерін көрсетті.

20-дан астам тінту шаралары жүргізілді, оқ-дәрілер, суық қару және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі