USD
USD
USD

Арнайы операция барысында ақмолалық тұрғыннан аса ірі көлемде гашиш табылды

Арнайы операция барысында ақмолалық тұрғыннан аса ірі көлемде гашиш табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы операция барысында ақмолалық тұрғыннан аса ірі көлемде гашиш табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысының есірткіге қарсы полиция қызметкерлері “Қарасора – 2023” және “Канал – 2023” жедел профилактикалық іс-шаралары аясында есірткі затын ұстау және алып қою бойынша арнайы операция жүргізді.

Арнайы бөлімшелердің күштерін тарта отырып, есірткі тасымалдаушыны Астана – Петропавл трассасының төлем терминалында ұстады. 28 жастағы Бурабай ауылының тұрғыны басқарған Lada Granta көлігін тінту кезінде құқық қорғау органдары жалпы салмағы 2 келі болатын гашиш есірткі заты салынған 2 полиэтилен пакетін тапты.

Алғашқы тергеу әрекеттері кезінде тасымалдаушы есірткіні елордалық аудандардың бірінде сатып алғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде құқық қорғау органдары Ақмола өңірінің аумағына гашиштің түсу арнасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Тергеу кезеңінде есірткіні сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты