USD
USD
USD

Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян кепілмен босатылды

Конституциялық құрылымды бұзды және пара алды деп айыпталып жатқан Армения президенті Роберт Кочарян 4 миллион доллар кепілмен босатылды.

Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян кепілмен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдің апелляциялық қылмыстық соты экc-президент адвокаттарының өтінішін қанағаттандырды. Арменияның бас прокуратурасы бұл шешімге қарсы шағым беретінін мәлімдеді. РБК таратқан ақпаратқа сәйкес, экс-президент қазір операциядан кейін Еревандағы медициналық орталықта жатыр.

Роберт Кочарян Арменияны 1998-2008 жылдар аралығында басқарды. Екі жыл бұрын оны 2008 жылғы оқиға бойынша қамауға алған. Ол билікті Серж Саргсянға беруді алдын ала ұйымдастырды деп айыпталды. Сол кезде президент сайлауының нәтижесімен келіспеген Левон Тер-Петросянаның жақтастары Ереванда наразылық акциясын ұйымдастырған. Биліктің халық толқуын күшпен тоқтатуы кезінде 10 адам қайтыс болып, 250-ден астам адам жараланған.

Арменияның қазіргі премьер-министрі Никол Пашинян сол кездері Тер-Петросянның сайлау штабын басқарған. 2010 жылдың қаңтар айында Пашинянды жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыппен жеті жылға соттаған. Бірақ 2011 жылы рақымшылықпен бостандыққа шыққан.

Қазір оқып жатыр

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған