USD
USD
USD

Арменияда жаңа президент сайланды

Армения парламенті жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Ваагн Хачатурянды президент етіп сайлады. Бұл туралы заң шығарушы органның есеп комиссиясының басшысы Нарек Бабаян мәлімдеді.

Арменияда жаңа президент сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ваагн Хачатурян президенттікке жалғыз үміткер болған. Хачатрянның кандидатурасын билеуші "Гражданский договор" партиясы ұсынды. Бірінші турда оған тек 69 депутат дауыс берді.

"Армения" және "Честь имею" оппозициялық фракциялары сайлауға бойкот жариялады.

Арменияның экс-президенті Армен Саркисян 23 қаңтарда отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Негізгі себеп ретінде ол мемлекет басшысына сыртқы және ішкі саясаттың түбегейлі процестеріне әсер етуге мүмкіндік бермейтін тиісті өкілеттіктердің жоғын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық