USD
USD
USD

Армения төтенше жағдай режимін тағы созды

Арменияда коронавирус инфекциясына байланысты осы жылдың наурыз айында енгізілген төтенше жағдай режимі үшінші рет ұзартылды. Тиісті шешім жұма күні Үкімет отырысында қабылданды.

Армения төтенше жағдай режимін тағы созды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Армения Үкіметі жұма күнгі кезектен тыс отырыста ТЖ режимін үшінші рет 2020 жылдың 13 шілдесіне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Үкімет шешімінде көрсетілгендей, төтенше жағдай режимін ұзарту қажеттілігіне инфекция жағдайларының көбеюі негіз болған. «2020 жылғы 16 наурызда төтенше жағдай жариялауға негіз болған жағдайлар жойылмаған. Оған 12 маусымда коронавирус инфекциясын жұқтырудың расталған жағдайлары туралы деректер дәлел. Инфекцияны жұқтыру жағдайлары санының өсуі және одан әрі таралуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде», - делінген Армения Үкіметінің шешімінде.

Елдің Ауруды бақылау және алдын алу ұлттық орталығының мәліметінше, 12 маусымдағы жаңдай бойынша Арменияда 15 281 коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғасы тіркелген. 5 639 пациент сауығып шықса, 9 298 науқас ем қабылдауда. 258 адам көз жұмған. Коронавирус инфекциясына байланысты Арменияда ТЖ режимі 16 наурызда бір айға жарияланған болатын. 13 сәуірде Армения үкіметі ТЖ режимін 14 мамырға дейін, кейіннен 13 маусымға дейін ұзартқан еді. 27 мамырда Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдегі жағдайдың ауыр екенін айтып, індеттің екінші толқыны туралы мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Пәтер

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Жер сілкінісі