USD
USD
USD

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді

  Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтетін болды. Бұл туралы ел премьер-министрі Никол Пашинян өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сайлау маусымның 20-сына жоспарланып отыр. Үкімет басшысы «Процветающая Армения» оппозициялық фракциясы көшбасшысымен өткен кездесуде осындай келісімге келді. Пашинянның айтуынша, мұндай шешім елдегі ахуалды еңсерудің ең тиімді жолы.

Айта кету керек, Армениядағы наразылық акциялары әлі күнге дейін жалғасып келеді. Жалпы елдегі саяси дағдарыс Армения премьер-министрінің бас штаб басшылығын қызметтен босатқаннан кейін ушығып кеткен еді. Оппозиция өз жақтастарын жинап, шатырлы лагерь құрып, премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер