Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент әскерилерді төңкеріс жасамақ деп айыптады

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті

Президент әскерилерді төңкеріс жасамақ деп айыптады
Фото: NEGE.kz

. Ал Пашинян әскерилердің төңкеріс жасау ниеті бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі. 

Алматы, NEGE.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол қойған мәлімдемеде Пашинян мен оның үкіметі елдегі қазіргі дағдарыс кезеңінде барабар шешімдер қабылдауға қабілетсіз екені айтылған.

"Армения Қарулы күштері ұзақ уақыт бойы қолданыстағы биліктің әскерге қарсы шабуылдарына шыдап келді, бірақ бәрінің шегі бар. Армения Қарулы күштері міндеттерін абыроймен орындады, халықпен бірге жаумен шайқасты. Қазіргі биліктің тиімсіз басқаруы мен сыртқы саясаттағы елеулі қателіктер елді құрдымға әкетіп барады", - делінген хабарламада.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Қарулы күштер Пашинян мен үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

Ал Пашинян армян әскери күштерінің мәлімдемесін төңкеріс бастау әрекеті деп атады. "Біздің барлық жақтасымызды дәл қазір Республика алаңына шақырамын. Жақын арада мен тікелей эфирде үндеу жасаймын", - деп жазды ол Facebook-те.

Осы уақытта Пашинянның отставкаға кетуін талап ететін оппозиционерлер Еревандағы бірқатар көшені жауып тастады. Наразылық шарасын ұйымдастырушылардың бірі, "Дашнакцутюн" партиясының жастар одағының өкілі журналистерге шеру Пашинян отставкаға кеткенге дейін жалғасатынын айтты.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, акцияның екі қатысушысы полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Айта кетейік, 2020 жылдың қарашасында Пашинян Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге қол қойғаннан кейін, Ереванда оның отставкаға кетуін талап етіп наразылық акциялары басталды. Оның кетуін талап еткен оппозициялық күштер ел үкіметінің бұрынғы басшысы Вазген Манукянды премьер орнына ұсынып отыр. Сөйтіп желтоқсанның соңында Пашинян 2021 жылы кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы ақылдасу үшін өзіне саяси күштерді шақырды. Алайда оппозиция оның премьер-министр қызметінен сайлауға дейін кетуін талап етті.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел