USD
USD
USD

Арменияда парламент сайлауы басталды

Арменияда парламент сайлауы өтіп жатыр. Бұл – елде соңғы тоғыз жылда алғаш рет кезекті түрде өтіп жатқан парламент сайлауы. Дауыс беру қорытындысы бойынша жаңа үкімет жасақталуы тиіс.

.
Фото: Никол Пашинян

Астана, NEGE. Арменияның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар саны 2,4 миллионнан асады.

Парламентке өту үшін жеке партиялар кемінде 4 пайыз дауыс жинауы керек. Екі немесе үш партиядан құралған блоктар үшін меже – 8 пайыз, ал төрт және одан да көп саяси күштен тұратын кең коалициялар үшін 10 пайыз болып белгіленген.

Сайлауға 16 партия мен 2 блок қатысып жатыр. Негізгі бәсеке премьер-министр Никол Пашинян басқаратын «Азаматтық келісім» партиясы, кәсіпкер Самвел Карапетянмен байланысты «Күшті Армения» блогы және бұрынғы президент Роберт Кочарянның «Армения» блогы арасында жүреді деп болжанып отыр.

Сауалнамаларға сүйенсек, Пашинянның партиясы алда келеді – шамамен 30% дауысты иеленуі мүмкін. Ал «Күшті Армения» мен Кочарянның блогы оппозициялық электорат үшін күресіп жатыр. Роберт Кочарян Әзербайжанмен келіссөздерге қатысты қатаң ұстанымымен белгілі.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, дауыс беру қарсаңында Еревандағы «Звартноц» әуежайында кезек көбейген. Бұған шетелден сайлауға қатысу үшін оралған Армения азаматтарының көптеп келуі себеп болған.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті