Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Армения президенті халыққа үндеу жариялады

 Армения президенті Армен Саркисян мемлекетте қалыптасқан жағдайға байланысты республика халқына үндеу жариялады.

Армения президенті халыққа үндеу жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елде қиын жағдай туындады. Оның салдары мемлекетіміздің болашағына қауіп төндіреді. Арменияда әскери жағдай жарияланды. Мен мемлекетіміздің барлық күш құрылымдарын, саяси күштерді, азаматтарды жағдайды салмақты бағалап, ақылға келуді сұраймын. Қазір ойланбай айта салған кез келген сөз жағдайды одан сайын ушықтыра түседі. Барлығыңызды қырағы болуға шақырамын», - деді ел басшысы.

Арменияда осы кезде саяси жағдай шиеленісіп тұр. Таң ата Армения астанасының әр бөлігінде тәртіпсіздіктер болып, тұрғындар ел Премьер-Министрі Никол Пашинянның қызметінен кетуін талап етті. Демонстранттар бірқатар қала көшелерін жауып тастады. АР Қарулы Күштерінің Бас штабы мәлімдеме жасап, онда Бас шатабтың бірінші орынбасары Тиран Хачатрянның қызметінен кетуіне қарсы екендіктерін айтты. Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян АР ҚК Бас штабтың мәлімдемесін әскери төңкеріс деп бағалап, өзінің жақтастарының барлығын алаңға шығуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел