USD
USD
USD

Армения билігі жаңа шараларды қолға алды

Арменияда коронавирусты жұқтырғандар саны 19 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24». Соңғы бірнеше күнде індетке шалдыққандардың қарасы 459-ға артқан.

Армения билігі жаңа шараларды қолға алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жергілікті билік халыққа қолдау көрсету мақсатында осымен жиырмасыншы бағдарламаны қолға алды. Жобаға сәйкес елде 37 мың азамат ең төменгі жалақы көлемінде бір жолғы өтемақы алады. Қаржыны азаматтардың жеке есепшоттарына аудару қарастырылған. Бірақ ақшалай көмекті алудың басты талабы – азаматтар жеке мәліметін жариялауға рұқсат беруі керек. Үкімет басшысы бұл шығынды бақылауға мүмкіндік береді дейді. Қазір билік індеттің таралуына қарсы жаңа шараларды қолға алды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян: "Жағдайды сараптай келе, індет аулаларда көптеп тарала бастағанын білдік. Сондықтан қолда бар ресурстардың шектеулі екеніне қарамастан, әкімшілік шараларды күшейтуіміз қажет. Көшелерде бақылау жұмыстарына полициямен бірге өзге де органдардың өкілдері жұмылдырылады" деді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға