USD
USD
USD

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения Ұлттық жиналысының отырысы депутаттар арасындағы төбелеске байланысты тоқтатылды. Жанжал биліктегі «Азаматтық келісім» партиясы мен оппозиция өкілдері арасында болған.

Армения депутаттары
Фото: Aravot Daily/youtube.com

Астана, NEGE. Aravot Daily ақпаратынша, жиында сөз алған оппозициялық «Күшті Армения» фракциясының депутаты Эдгар Казарян парламент спикері Рубен Рубинянды өз міндетін атқармайды және мемлекеттік қаражатты ысырап етті деп айыптаған. Бұған жауап ретінде спикер депутаттың микрофонын бірнеше рет өшіріп тастаған.

«Рубен Рубинян мемлекеттік қаражатты ысырап етті. Сіздерді сыйақыны жұмсамауға шақырамын. Біз оны соңғы тиынына дейін қайтарып аламыз», – деді депутат.

Осыдан кейін жағдай ушыққан. Депутаттар бір-бірін итеріп, жағаласып, кейін бір-біріне қол жұмсауға дейін барған. Осыдан кейін парламент спикері Рубен Рубинян отырысты тоқтатуға мәжбүр болған.

Қазір оқып жатыр

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздар қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту