Армения мен Әзербайжан соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде бірлескен декларацияға қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянды қабылдады. Оның қатысуымен екі кавказ елінің басшылары бейбіт келісім жасауға уағдаласқан декларацияға қол қойды.
Алматы, NEGE. "Біз, ақыры, бейбітшілікке қол жеткіздік", — деді Трамп.
АҚШ президентінің айтуынша, Армения мен Әзербайжан барлық әскери қимылдарды мәңгіге тоқтатуға, сауда байланысын, сапарлар мен дипломатиялық қатынастарды қайта ашуға, сондай-ақ бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге міндеттенді.
Сондай-ақ Әзербайжан мен Армения Зангезур дәлізі төңірегіндегі ұзақ жылғы дауды шешті.
АҚШ Зангезур дәлізін "халықаралық бейбітшілік пен өркендеуге арналған Трамп бағыты" деп атап, қысқаша TRIPP деп атады. Ақ үйде өткен келісімге қол қою рәсімі "TRIPP бейбітшілік саммиті" деген атауға ие болды.
"Мен бұған арнайы өтініш жасамадым, бірақ дәліздің менің атыммен аталғаны — мен үшін үлкен құрмет", — деді Трамп.
Қазір оқып жатыр
Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген
Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген
Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады
ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген