USD
USD
USD

Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

Ұлттық экономика министрлігінде ауыс-түйіс болды. 

Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР ҰЭМ министрінің бұйрығымен Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.  Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастады. Әр жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитетінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы. 2019 жылы — ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі. 2021 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰЭМ аппаратының басшысы болды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС