USD
USD
USD

Арман Әсеновтың жаңа белесі

«Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әсенов «Түркі әлемі кинематографистері қауымдастығы» атқарушы комитетінің мүшесі атанды.

Арман Әсеновтың жаңа белесі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 17-19 желтоқсанның аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында Түркі әлімі киногерлері қауымдастығының конференциясы өтті. Бұл мәдени іс-шараға Қазақстанның атынан қатысқан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Арман Әсенов, «Қазақфильм» киностудиясының басқарушы директоры Қанат Төребай және танымал режиссер Рүстем Әбдірашев кино өндірісі саласында халықаралық қатынастарды дамыту мақсатында бірқатар келіссөздер жүргізді.

Кездесулер нәтижесінде Арман Әсенов «Түркі әлемі кинематографистері қауымдастығы» атқарушы комитетінің құрамына кірді. Жаңа мүшенің кандидатурасын енгізу туралы шешімді қауымдастық мүшелері бірауыздан қолдаған.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.