USD
USD
USD

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.

Мәдениет және ақпарат министрі
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Арман Қырықбаев 1976 жылы Астана қаласында туған.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz University) «экономист» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Сыртқы істер министрлігінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдері басқармасының референті болып бастаған.

Әр жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, мәдениет және ақпарат вице-министрі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, «Nur Otan» партиясының хатшысы қызметтерін атқарған.

Кейін Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі, Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болды.

Арман Қырықбаев тағайындалғанға дейін бұл қызметті Аида Балаева атқарды. Балаева 31 тамызда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер