USD
USD
USD

«Арлан» шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионы атанды

«Арлан» шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалында жеңіске жетті.

Шайбалы хоккей
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. «Арлан» мен «Торпедо» командалары шешуші кездесуге көкшетаулықтардың артықшылығымен шықты. Бірінші кезеңде өскемендіктер белсендірек көрінгенімен, қорғаныс шебіндегі Владислав Пестов бастаған ойыншылар қақпаны голдан аман сақтап қалды.

Екінші кезеңде де есеп ұзақ уақыт өзгеріссіз тұрды. Алайда соңына қарай көкшетаулықтар дегеніне жетті. Владимир Маркеловтың шәкірттері небәрі 42 секундтың ішінде қос гол соғып, қарсыласты есеңгіретті. Бұл шайбалардың авторлары — Степан Санников пен Владислав Никулин.

Үшінші кезеңде «Торпедо» қос артықшылықпен гол соғуға мүмкіндік алды. Бірақ шайба «Арланның» қақпасына командалар тең құрамда болған сәтте ғана енді. Максим Базанов Ян Тютюньковтың керемет пасын сәтті пайдаланып, есепті қысқартты. Алайда Андрей Корабейниковтың командасы ойынға толықтай орала алмады. Тіпті қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастыру да нәтиже бермеді.

«Арлан» қорғаныста өте сенімді ойнады. Әсіресе Сергей Кудрявцев 24 бағытталған соққыны қайтарып, команданың жеңісіне зор үлес қосты.

Осылайша, көкшетаулық команда қатарынан екінші жыл Қазақстан чемпионы атанды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен