USD
USD
USD

Арқалық педагогикалық институты университет мәртебесін алды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 17 наурыздағы № 118 бұйрығына сәйкес «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталды.

Арқалық педагогикалық университеті
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл өзгеріс Қазақстанның аймақтарын дамыту, өңірлердегі экономикалық теңсіздікті жою мәселелерімен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында аймақтардағы экономиканың өркендеуіне серпін беретін жаңа мүмкіндіктер ашу қажеттігін атап өткен болатын. Осы тұрғыдан алғанда, Арқалық институтының университет атануын өңірлік білім беру мен экономика үшін үлкен серпін деп қарастыруға болады.

Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті – экономиканың барлық салалары үшін педагогтар мен ғылыми кадрлар даярлайтын еліміздегі жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1972 жылы құрылып, бес жылдан кейін Ыбырай Алтынсарин есімімен аталды. Алғашқыда физика-математика және филология факультеттері ашылды.

Бүгінде оқу орнында «Жаратылыстану және ақпараттандыру», «Педагогика және филология», «Тарих және өнер» факультеттері бар. Университет бакалавриатты 29 білім беру бағдарламасы бойынша даярлайды. Сонымен қатар оқу орнының материалдық-техникалық базасы соңғы заманауи технологиялармен жабдықталған. Физика, химия және информатика мамандықтары бойынша ғылыми-тәжірибелік зертханалар жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский

Каратэші Әсел Қанай ХХ Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Әсел Қанай

Қорғаныс министрлігі әскери техника жайлы мәлімдеме жасады

Оқу-жаттығуға жөнелтілген әскери техника

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт шықты

Өрт сөндірушілер