USD
USD
USD

Жас қызбен жыныстық қатынас жасаған депутат Аркадий Ни «Нұр Отан» партиясынан шығарылды

Ақтөбелік мәслихат депутаты Аркадий Ни ұсталғаннан кейін партиядан шығарылды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Жас қызбен жыныстық қатынас жасаған депутат Аркадий Ни «Нұр Отан» партиясынан шығарылды
Фото: NEGE.kz
  • Тақырыпқа орай: «Мәслихат депутаты 15 жастағы қыздың пәктігін алу үшін миллион төлеген»

Алматы, NEGE. Мұның алдында әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда Ақтөбеде 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасады деген күдікпен белгілі бизнесмен, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Аркадий Нидің ұсталғаны туралы мәлімет пайда болды.

«Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Ниді заңсыз іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен ұстау фактісі бойынша біз сіздерге «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комиссиясы Арқадий Ниді «Нұр Отан» партиясының билетінен айыру туралы мәселені қарауды облыстық филиалдың саяси кеңесі бюросына ұсынғанын хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Саяси кеңестің облыстық бюросының қаулысымен Аркадий Ни «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылды.

Аркадий Ниге қатысты сотқа дейінгі тергеу туралы сұраққа Ақтөбе облысының полиция департаменті «Адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Ақтөбе тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр» деп хабарлады.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабы «Адам саудасы» бойынша күдікті Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, жария етуге жатпайды», – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

жанабыловтар