USD
USD
USD

Арыстық оқушылар алдағы тоқсанды жаңа мектепте қарсы алады

Арыс қаласы, Онтам елді мекені оқушылары биылғы оқу жылын зор қуанышпен қарсы алмақ.

Түркістан
Фото: Түркістан

Түркістан, NEGE. Жуық арада ауылда жеке инвестор есебінен 150 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бүгінде 140-қа жуық ауыл балалары Ақдала ауылындағы мектепке автобуспен қатынап оқып жүр. Енді жаңа әрі заман талабына сай жабдықталған мектепте білім алады.

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова жаңа мектеп ғимаратының құрылыс барысымен танысты. Мектеп соғуға атсалысқан инвестормен жүздесіп, сапалы білім беру – ел болашағының негізі, екенін баса айтты.

«Жеке кәсіпкердің қоғам игілігіне жасаған бұл үлесі ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және жас буынның білім алуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Жаңа мектептің соғылуы - ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық қана емес, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған үлкен мүмкіндік» - деді шаһар басшысы.

Мектеп заманауи жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда кең әрі заманауи спорт және акт залы, пәндік кабинеттер, кітапханалар, жуыну бөлмелері мен ішкі әжетханалар қарастырылған. Қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмаған — бейнебақылау камералары орнатылып, сыртқы спорттық тренажерлер мен футбол алаңшасы да қарастырылған.

Ауыл тұрғындары мен оқушылардың қуанышына айналатын бұл мектеп білім сапасын арттырып қана қоймай, ауылдағы балалардың күнделікті өмірін жеңілдетпек. Бұл онтамдық оқушылардың уақытын үнемдеуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға үлкен септігін тигізбек.

Қазір оқып жатыр

Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты

.

Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады

.

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries