16 Мамыр 13:29
...

Арыстанбектің де дәурені өтті...

Фото:

Соңғы уақытта бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өзінің және туыстарының есепсіз байлығы туралы желіде гу-гу әңгіме тарауда. Антикор экс-министрдің үйін және ол басқаратын ҚР Ұлттық музейінде тінту жүргізді деп жазады, телеграмдағы Козачков каналы.

«Экспонат» пен Арыстанбекті не байланыстырады?

Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер музейдің «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» көрмесін өткізуге жұмсаған шығынын тексеріп жатыр. Бұл тендерді «Экспонат» ЖШС директоры – Ұмсын Тобағабылова 1,3 млрд теңгеге ұтып алып, көрме өткізген болатын. Антикор бұл компанияның Ұлттық музей басшылығымен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Арыстанбектің дәурені жүріп, министр болып тұрған 2017 жылы жаңадан тендер ұйымдастырып, музей экспонаттарын сақтауға, оны реставрациядан өткізуге еншілес компаниялар арасында қаулы қабылдайды.

Ең қызығы жаңағы біз тілге тиек еткен «Экспонат» ЖШС-і сол жылы құрылған. Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 қаңтарда №12822 болып тіркелген құжат 2017 жылы жүзеге асады.

2014 жылы 2 шілдеде салтанатты ашылуы болған Ұлттық музейге Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекет қаражатын аяусыз құйған. Аса ірі бірегей музей кешені 74 000 м2 жерді алып жатыр және тоғызыншы қабатқа дейін ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұрады. Жалпы көлемі 14 000 м2 асатын экспозициялық алаң 14 залды алып жатыр. Азиядағы ең ірі музейдің салынуы да Мұхамедиұлының министр болып тұрған шағымен тұспа-тұс келеді.

Ал 2019 жылы министр лауазыман босаған Арыстанбек «Экспонат» ЖШС-мен тығыз жұмыс істеп келген. Осынау 3 жылда тек мемлекеттік тендерді бір ғана серіктестіктің ұтып отырғандығы түсініксіз.

 

2017 жылдың тамыз айында құрылған «Экспонат» ЖШС-і сол жылдың аяғына дейін мемлекеттен 1 тапсырыс алып іске асырады. Алайда 2021 жылы аталмыш серіктестік 3 мемлекеттік тапсырыс алып, 206 453 224 теңге көлемінде мемлекет қаржысын иеленген.

 

Тегтер: