USD
USD
USD

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзіміне байланысты ақпарат шықты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзіміне байланысты ақпарат шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Тергеу "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыр" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Бұдан басқа, Арыстанбек Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК, "Қазақ энциклопедиясы" АҚ және "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды.

"Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімі 26 қыркүйекке дейін ұзартылды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Тергеу әлі жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков