USD
USD
USD

Арыстанбек Мұхамедиұлы Nege.kz тілшіcіне: Сен былай нақты-нақты нелермен айтшы...

Бүгін Абай атындағы опера және балет театрында болған даудан тілшіміз арнайы репортаж жасаған. Онда өнер адамдарының бірқатары «министрге шабуылдың артында Арыстанбек Мұхамедиұлы тұр» деп мәлімдеді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Nege.kz тілшіcіне: Сен былай нақты-нақты нелермен айтшы...
Фото: NEGE.kz

Тілшіміз бұрынғы мәдениет министрі – қазіргі Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына хабарласты.

– Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәдениет министрі А.Райымқұловаға қатысты даудың артында сіз тұр деген айыптауға қатысты не айтасыз?

– Оны кім айтып жүр? Сен көрсетші, ол айта береді.

– Ондай әңгіменің шыққаны рас қой.

– Айналайын, мен енді анандай қылып жауап бере алмаймын. Біреу бірдеңе айтты, не айтты деп. Оны нақты көрсету керек қой. Сен былай нақты-нақты нелермен айтшы, мен с удовольствием жауап берем. Ал енді біреу айтты екен деп, ол айта береді...

P.S. Осылай деді де, Арыстанбек Мұхамедиұлы телефон тұтқасын қоймастан басқа шаруамен айналысып кетті. Тілшіміз қайыра хабарласқан еді, тұтқаны көтермеді. Алайда біраз уақыттан соң тілшіге өзі хабарласып, «мағыналы интервью» жасауға сұранды.      

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры