USD
USD
USD

Арыстанбек Мұхамедиұлы 146 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 146 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді», - деді Антикор.

Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесіне сай басқа ақпараттар жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы