USD
USD
USD

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокатына қатысты сот талқылауы басталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен заңгеріне қандай айып тағылғанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне пара берудегі делдалдық, ал адвокатына – аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот талқылауы кеше басталды. Сот актісі жарияланған уақытта ресми ақпарат қосымша ұсынылады», - деп жауап берді сот агенттік сауалына.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарына қатысты жаңа іс аясында сот талқылауы жалғасуда. Сотта екі эпизод — «Дипломат» қонақүйін тартып алу және «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізу кезінде билігін асыра пайдалану, рейдерлік әрекет қаралып жатыр.

Былтыр 20 маусымда сот үкімімен А.Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай