USD
USD
USD

Арыстанбек Мұхамедиұлының 1,2 миллиард теңге тұратын спорт мектебі мемлекет меншігіне қайтарылды

Экс-Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Мүліктің құны – 1,2 млрд теңге. Оны сатып алған кезде бағасы 551 миллион теңгеге төмендеген.

«17.07.2024 жылы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді. Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендетіп, заң бұзғаны расталды», – делінген хабарламада. 

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га болатын мектептің мүлкіне, А. Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов