USD
USD
USD

«Арыстанбек Мұхамедиұлы аштық жариялады» – Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әлеуметтік желідегі жеке парақшасында аштық жариялағаны туралы ақпарат тарады. 

сот
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті осы ақпаратқа қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Сотталушының аштық жариялауы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол тамақ ішеді, бұл жағдай бейнебақылау камераларының жазбасымен расталады. Сотталушыдан арыз-шағым түскен жоқ. Сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша сотталған адамға ұялы телефон берілмейді», - делінген Ақмола облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан әлеуметтік желіде жалған жазба жариялау фактісі бойынша тексеру жүргізіледі. 

Еске салайық, 2024 жылы 29 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлы төрт бап бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай