USD
USD
USD

Арыстан жарылғыш заттар әлі табылып жатыр

Арыс әскери горнизоны аумағында тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарға сәйкес жарылғыш заттарды жою жұмыстары күнделікті сағат 8.00 мен 13.00 аралығында жүргізіледі.

Арыстан жарылғыш заттар әлі табылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өкінішке орай, 44859 әскери бөлімінің техникалық аумағында, жарылыс салдарын жою барысында жанбай қалған, жарылуға қаупі бар жарылғыш заттар табылуда. Ол жарылғыш заттардың құрамында кездесетін аз мөлшердегі жарылғыш заттар тасымалдауға аса қауіпті болып табылады. Осыған орай, Арыс әскери горнизоны аумағында тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін әскери бөлімнің техникалық аумағында арнайы орын дайындалған. Бұл арнайы орын бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтау ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып, жарылғыш заттардың қалдықтарын ұшуын жоққа шығарады. Жарылғыш заттарды өртеу барысында пайда болған қауіптерді төмендетуге керекті шаралар мен арнайы құрылғылар қолданылуда. Жарылғыш заттарды өртеу кезінде тек қана дыбыстық әсер мен қара түтін болады. Жергілікті тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ» делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Жоспарға сәйкес жарылғыш заттарды жою жұмыстары күнделікті сағат 8.00 мен 13.00 аралығында жүргізіліп отыратындығы да хабарланған. .

 «Құрметті қала тұрғындары! Аталған іс-шаралар қаламызды қауіпті оқ-дәрілерден залалсыздандыру үшін атқарылып жатқандықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Залалсыздандыру жұмыстары қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының бақылауында. Қауіпке негіз жоқ. Үрейге бой алдырмаңыздар! Жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын назарларыңызға жеткіземіз», делінеді хабарламада.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны