Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Арыстағы жарылыстың соты басталды

Арыстағы оқ-дәрі қоймасында болған алапат жарылысқа қатысты сот отырысы басталды. 

Арыстағы жарылыстың соты басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айыптылар орындығында Қорғаныс министрлігінің бір топ қызметкері бар. Оларға әскери қызметіне салғырттық таныту, оқ-дәрі пайдалану мен оны қолданудағы талаптарды сақтамау, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу секілді бірнеше айып тағылған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа 16 адам айыпталып жатыр. Көпшілігі Қорғаныс министрлігі мен әскери бөлімшелерде қызмет еткен лауазымды офицерлер. Бұған дейін белгілі болғандай, оларды 25 адвокат қорғамақшы. Процеске 1500-дей азамат шақыртылған. Барлығы жәбірленушілер .Адам саы көп болғандықтан, отырысты Шымкент әскери гарнизоны сотының ғимаратында емес, Қорғаныс министрлігінің құрамындағы әскери бөлімнің аумағында өтетін болды.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс былтыр 24 маусымда болған еді. Соның салдарынан 3 адам қаза тауып, ондаған жан жарақаттанған. Мыңдаған үй бүлініп, тұтас Арыс халқы, яғни 45 мың тұрғын Шымкент пен көрші аудандарға көшірілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді