USD
USD
USD

Арыста әскери бөлім аумағындағы кәрізді тазалау кезінде үш адам қаза тапты

5 шілдеде, Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен уланып үш адам қаза тапты, деп хабарлады Бас прокуратура.

Арыс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның ішінде екі азаматтық тұлға және бір келісімшарт бойынша әскери қызметші бар.

Оқиға жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде болған. Оған көмекке келген тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайдың нашарлауына байланысты жоғары жаққа көтеріліп шыға алмады. Нәтижесінде үш адам сол жерде қаза тапты.

Тағы бір жұмысшы мен әскери қызетші Арыс қаласының ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр.

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Олардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ ӘТБ Шымкент бөлімімен ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (еңбекті қорғау ережелерін бұзу).

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

.

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

мұғалімдердің жеке дерегі

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

тұрғын үй