USD
USD
USD

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

Арыс қаласында 30 жастағы Алмасбек пен 16 жастағы Сауран есімді ағайындыларды дүкенде он шақты жігіт аяусыз ұрып кеткен.

Алмасбек, Сауран
Фото: Qumash

Астана, NEGE. Оқиға 12 наурыз күні болған, деп жазады Telegram-дағы Qumash арнасы.

Жәбірленушілердің туыстарының айтуынша, сол күні олардың отбасылық дүкеніне екі жігіт келіп, 500 теңгелік қағаз ақшамен есеп айырысқан. Алмасбек ақшаның жалған болуы мүмкін екенін айтқанда, сатып алушылар ашуланып, «үлкендерді шақырамыз» деп кеткен. Арада 15 минуттай өткеннен кейін 10 шақты жігіттен тұратын топ келген. Расталмаған мәлімет бойынша, әлгі жігіттердің үлкені 27 жаста болған.

«Туыстарының сөзінше, олар Алмасбектің қолынан ұстап тұрып, өмірлік маңызды мүшелерінен қолмен және швабрамен ұрып, аяусыз соққыға жыққан. Көмекке келген інісі Сауранды да жұдырықтап, есінен тандырған. Бұған қоса бұзақылар дүкен мүлкін бүлдіріп, тауардың бір бөлігін ұрлап әкеткен», – делінген жазбада.

Соққыға жығылған ағайынды екі жігіт ауруханаға түскен. Үлкенінің айтуынша, оларға әлгі жігіттердің ата-аналары келіп, қоқан-лоқы көрсеткен. Полиция департаменті арызды толық қабылдамаған, полицейлер Алмасбектің сот-медициналық сараптамадан өтуін күтіп отырған көрінеді. Бұзақылар әзірге бостандықта жүр.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.