USD
USD
USD

Арыс өзеніне құлап кеткен 4 жасар қыз іздестіріліп жатыр

17 наурыз Түлкібас аудандық ПБ-не жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кеткенін хабарлады, деп жазады Polisia.kz. 

Арыс өзеніне құлап кеткен 4 жасар қыз іздестіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тексеру кезінде, сол күні кешкі уақытта үш кәмелет жасына толмаған туыс кішкентай қыздар Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барғаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлаған. Ал судың ағыны оны алып кеткен.         

Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды. 

Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе