USD
USD
USD

Арыс қаласы толық қалпына келді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауы кезінде осындай ақпар берді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Арыс қаласы толық қалпына келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу кезінде Мемлекет басшысына биыл өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, аймақта өндіріс саласы 5,5 пайызға, ауыл шаруашылығы мен инвестиция 25 пайызға, тұрғын үй құрылысы 30 пайызға өскен.

Сонымен қатар облыс әкімі 2020 жылдың қазан айына жоспарланған Түркістан қаласының таныстырылым рәсіміне дайындық барысы жайында, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарының толық аяқталғаны жөнінде айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевке атаулы әлеуметтік көмек, газдандыру және тұрғындардың табыс көлемін арттыру мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

 

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай