USD
USD
USD

Арыс әкімі ұлының қатысуымен болған жантүршігерлік жол апатына қатысты пікір білдірді

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев Астана-Павлодар тасжолында болған жол апатында көлікті ұлы тізгіндегенін растады.

Қайсар Маңқараев
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ол ұлының кәмелетке толған азамат екенін және заңға сай өз әрекетіне өзі жауап беретінін айтты, деп жазады NewTimes.

Бұған қоса Маңқараев тергеу барысына ықпал ету үшін өзінің қызметтік лауазымын пайдаланбайтынын алға тартты.

«Мен ешқашан қызметтік өкілеттігімді жеке басымның мүддесі үшін пайдаланған емеспін және пайдалануға ниетім де жоқ. Тергеу барысына немесе іс бойынша қабылданатын процессуалдық шешімдерге ықпал етуге ешқандай әрекет жасаған жоқпын және жасамаймын деп жауапкершілікпен мәлімдеймін. Тергеу Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес, тек уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілуі тиіс және солай жүргізіледі», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ әкім ұлының бір жылдың ішінде жол қозғалысы ережесін 29 рет бұзғаны және сот басталмас бұрын Астанадағы тіркеуін Екібастұзға ауыстырғаны туралы ақпараттан бейхабар екенін айтты.

Айта кетейік, биыл 29 мамырда Астана – Павлодар тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, соның салдарынан 21 жастағы Талғат есімді студент жігіт екі аяғынан айырылған. Көлік рөлінде Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың 22 жастағы ұлы Ердәулет Закиров отырған. 

Жол апатында аяғынан айырылған студенттің туыстары айыпталушының әкесінің қызметі тергеудің әділ өтуіне әсер етуі мүмкін деп қауіптенетінін, бұған қоса айыпталушының отбасы бастапқы көмек көрсеткеннен кейін байланысқа шықпай қойғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрт оқшауланды

.

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық