USD
USD
USD

Әріптестің «Ізгілік тамшысы»

Бүгін Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Жасөспірімдер кітапханасында журналист, Мәдениет саласының үздігі Назым Дутбаеваның «Ізгілік тамшысы» атты тұңғыш жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Әріптестің «Ізгілік тамшысы»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кітап «Аспан» баспасынан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжанова  мен генерал-полковник, заңгер Сәт Тоқпақбаевтың демеушілігімен жарық көрді. Аспантау-Қарадала кітапхана сериясы идеясының авторы – Бақыт Беделхан. Аспантау-Қарадала кітапхана сериясымен бұған дейін бірнеше кітап жарық көрген еді. 

       «Ізгілік тамшысы» – Назым Дүтбаеваның тұңғыш жинағы. Жинаққа 20 жылға жуық уақытта жазған дүниелерінің өз елегінен өткен шағын әңгімелері, мәдениет тақырыбына арналған мақалалары, сұхбаттары енген. Осының өзі автордың талғампаздығын, оқырманын құрметтейтінін байқатады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

      Назым Дутбаева 1996-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. 15 жылға жуық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім редакторы қызметін, ал 2005-2006 жылдары «Қазақстан» телеарнасында «Ел» шығармашылық бірлестігінде редактор қызметін атқарды. Бүгінде Жетісу университетінің «Жетісу университеті» газетінің Бас редакторы.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі