Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әріптесін пышақтап өлтірген мұғалім сотталды

Ақтөбе облысы, Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында екі мұғалім төбелесіп, біреуі мерт болған еді. Сот үкімімен әріптесін өлтірген педагог 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әріптесін пышақтап өлтірген мұғалім сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 2020 жылдың 22 қазаны күні болды. Іс материалына сүйенсек, сотталушы ашуға бой алдырып, мас күйінде әріптесіне асхана пышағын сұғып алған. Бір ғана соққыдан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Берік Елтезеров жантәсілім етті. Сотталушы бар кінәні мойындады. Сот отырысы кезінде куәлерден жауап алынып, олар да мән-жайды түсіндіріп берді.

«Жаза тағайындау кезінде сот «Ж»-ның шын ниетпен өкiнгенін, айыбын мойындап, полицияға барғанын, қылмыстық құқықбұзушылықпен келтірілген моральдық және өзге де зиянды өтегенін, кәмелет жасқа толмаған балаларын ескерді. Жәбірленуші тарап та кешірім берді. Сот үкімімен «Ж» ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, педагогтар арасындағы төбелес дене шынықтыру пәні мұғалімінің үйінің ауласында, түскі мезгілде болған.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық