USD
USD
USD

Арықтағыңыз келсе, арақ-шарап ішпеңіз

CSPI Nutrition Action ғылыми-қоғамдық орталығының мамандары алкоголь өнімдері, әсіресе түрлі қоспасы көп ішімдіктер адамның семіруіне әкелуі әбден мүмкін деген тұжырым жасап отыр.

Арықтағыңыз келсе, арақ-шарап ішпеңіз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Кейбір алкоголь өндіруші компаниялар (Anheuser-Busch, MillerCoors, HeinekenUSA, Craft Brew Alliance) өнімдерінің сыртына олардың қанша калория беретіні туралы ақпарат беруге келіскен.Диетолог Линдсей Моер алкоголь құрамында қанша қант, калориясы жоғары қоспалар бар екені туралы ақпарат жазылмайтындықтан, олардың семіздікке қаншалықты әсер ететінін анықтау қиын екенін айтады.

Семіздік сыры – сырада

Мамандардың айтуынша, 300 мл шөлмектегі 4 пайыз алкоголі бар жеңіл сыра шамамен 100 калория береді. Ал алкоголь мөлшері 7-10 пайызға жететін сыраның құнарлылығы 200 ден 300-ге дейін барады. Бұл Макдональдстағы орташа фри құнарымен бірдей.

Алкогольді коктейль семіздікке апарады

Сарапшылардың сөзінше қант, сироп, газдалған тәтті су қосылған, бір сөзбен айтқанда фруктоза мен глюкоза мөлшері жоғары алкогольді сусындардың қуаты  700 калориядан асып түседі екен!  Ғалымдар спиртті ішімдіктердің калориясы тамақ секілді тоқтық бермейтінін айтады. Сәйкесінше, бір жағынан адам семіреді, екінші жағынан маскүнемдік секілді дертке шалдығуы мүмкін.

Корнель университетінің зерттеушісі Гавин Скамье Сакс шарап өндірушілер соңғы жылдары жүзімнің тәтті сорттарына ден қойғандықтан, шараптың калоражы, яғни қуаттылығы өскенін айтады. Оның сөзінше, ішімдіктегі алкоголь мөлшері жоғары болған сайын, калориялығы да соғұрлым көбейеді.

Қазір оқып жатыр

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

«Алатау» АЭА

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Базарбек

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Алатау қаласы

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады

Жақсылық Омар