USD
USD
USD

Архив: Мәскеу Олимпиадасының чемпиондары

Әлеуметтік желіде Мәскеу Олимпиадасынан елге оралған қазақстандық спортшылардың видеосы жарияланды. 

Архив: Мәскеу Олимпиадасының чемпиондары
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәскеуде өткен жазғы Олимпиада ойындарын жұрт әлі күнге аңыз қылып айтады. 1980 жылы 80 мемлекеттің кіл мықты 5 мыңнан астам спортшысы КСРО астанасына ағылды. Олар спорттың 21 түрінен бақ сынасты. 

Командалық есепте 80 алтын еншілеген КСРО ешкімге дес бермеген-ді. Екі алтынды қазақ балуандары Шәміл Серіков пен Жақсылық Үшкемпіров қанжығаға салған. Қазақстандықтар жалпы 6 алтын, 3 күміс, 7 қола жүлдемен ел абыройын асқақтатты. Мәскеуден ел намысын абыроймен қорғап қайтқан спортшыларды Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы құрметпен күтіп алыпты.

Архивте сақталған бейнематериал желіге тарап, көпшіліктің ықыласына ие болуда. 

Қазір оқып жатыр

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер

Қазақстан Ресей мұнайын өңдеп, кейін кері жөнелтуі мүмкін

мұнай өңдеу