USD
USD
USD

Археология институтының бас директоры тағайындалды

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры болып Ақан Оңғарұлы тағайындалды. Бұл туралы Ғылым комитеті хабарлайды.

Археология институтының бас директоры тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ұжымымен кездесу өткізіп, Конкурстық комиссияның шешімі бойынша жаңадан тағайындалған институттың бас директоры Ақан Оңғарұлын таныстырды.

Ақан Оңғарұлы 41 жаста. Тарих ғылымдарының кандидаты, ежелгі тарих, археология және мәдениет саласындағы отандық және халықаралық ғылыми жобаларды табысты жүзеге асырып келе жатқан белгілі ғалым.

Өзінің еңбек жолын Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қабырғасынан бастаған, Институттың Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалына басшылық жасаған және соңғы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ҒЗИ басқарып келді.

Кешенді археологиялық экспедициялардың жетекшісі ретінде үлкен тәжірибесі бар.

Германия, Жапония және Египеттің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өткен. Қазақстан және шетелде жарияланған көптеген ғылыми мақалалардың авторы.

Комитет төрағасы Институт директоры мен ұжымы алдына жаңа міндеттер қойды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы