USD
USD
USD

Аргентина ширек финалға шықты

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатынан бірер хабар барын жеткізді «Хабар 24». Аргентина командасы Австралия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Аргентина ширек финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE . Матчта қарсыластарына алғашқы допты команда капитаны Лионель Месси соқты. Ал 57-ші минутта Хулиан Альварес Австралия қақпасына тағы бір гол салып, есепті еселеді. Австралиялықтар болса есеп айырмасын 77-ші минутта ғана қысқартты. Жартылай қорғаушы Крейг Гудвинннің тепкен добы аргентиналық Энцо Фернандеске тиіп барып қақпаға кірді. Айтпақшы Лионель Месси өзінің карьерасында осымен 1 мыңыншы ойынын өткізді. Енді аргентиналықтар АҚШ құрамасын ұтқан Нидерланд командасымен жасыл алаңда жолығады.

 Бүгін Франция мен Польша, ал түн ауа Англия мен Сенегал ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі